00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Сайлау ойдағыдай өтіп жатыр – байқаушы

31.03.2023 | 20:20
Елорда ақпарат
83

Байқаушы Нұрсұлтан Тәжен елордадағы №363 учаскеде сайлау ойдағыдай өтіп жатқандығын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Сайлау барысы заңға сәйкес өтіп жатыр. Тәртіп бұзу, келеңсіз оқиғалар орын алған жоқ. Индонезия және Тайвань елдерінен келген халықаралық және өз елімізден тағайындалған бақылаушылар бәрін қадағалап отыр, – дейді №363 сайлау учаскесінің төрағасы Айдос Жанат.

Аmanat партиясынан тағайындалған байқаушы Нұрсұлтан Тәжен таңнан бері сайлау барысын бақылап отырғандарын айтып, сайлау ойдағыдай өтіп жатқанын жеткізді.

Президенттің бүгінгі кезектен тыс сайлауына ел болып белсенді қатысуға шақырамын. Себебі барша адам өзінің таңдауын жасауға құқылы. Халық дұрыс таңдау жасайды деп ойлаймын. Мен де өз таңдауымды жасадым, - дейді осы сайлау учаскесінде дауыс берген Гүлжан Бектұрғанова.

                                                                            Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Все новости