00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

«Көңіл-күй өте жақсы»: президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев сайлауда дауыс берді

31.03.2023 | 20:20
Елорда ақпарат
73

Президент сайлауында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан кандидат Нұрлан Әуесбаев дауыс берді, деп хабарлады Elorda.info.

Ол Астанадағы Көктал-11 ауданындағы № 198 сайлау учаскесіне барды.

Мен қаланың шетінде тұрамын, бұл – менің сайлау учаскем. Бүгін мен Қазақстан азаматы ретінде өз сайлау учаскеме азаматтық борышымды өтеу үшін, яғни дауыс беру үшін келдім, - деді Нұрлан Әуесбаев.

Әуесбаевпен бірге оның штаб жетекшісі де болған.

Біздің команда керемет жұмыс істеді, барлығыңызға рахмет. Менің қолдаушыларымның арқасында барлық облыс дерлік біздің партия туралы білді. Көңіл-күй өте жақсы, тартысты, - дейді ол журналистерге.

Все новости