00:00
Астана -10oC
USD:
478.58
EUR:
520.84
RUB:
5.44
Поиск

Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады

01.04.2023 | 00:51
Елорда ақпарат
96

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс сайлауына қатысқан 370 кандидаттың 104-іне сайлау жарнасы қайтарылады. Қалған 266 үміткер 5%-дан аз дауыс жинады. Сайлау жарнасы екі партияға да қайтарылады. Олар – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мен Respublica партиясы. Ал «Байтақ» жасылдар партиясы межелі дауысты жинай алмады. Қалған партиялар Конституциялық заңның 88-бабына сәйкес, сайлау жарнасын енгізбеді. Өйткені, олар бұрын Мәжіліс сайлауына қатысқан және 5 немесе одан да көп пайыз дауыс жинаған. Сондықтан олар сайлау жарнасын төлемейді, - деді ол.

Айта кетейік, бір мандатты округтер бойынша Мәжілістің мандатына үміткерлер 1 млн 50 мың теңге мөлшерінде сайлау жарнасын төлеуі тиіс.

Все новости