00:00
Астана -10oC
USD:
475.18
EUR:
510.72
RUB:
5.47
Поиск

Халықаралық байқаушылар Қарақат Әбденнің сайлауалды штабына барды

31.03.2023 | 19:52
Айман Нығмет
23

ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбденнің сайлауалды штабы ТМД-ның байқаушылар миссиясы штабының басшысы Евгений Козяк пен осы ұйымның мүшесі Алла Харченконы қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесу барысында үміткер үгіт-насихат науқанының барысы мен сайлауалды штабтарының жұмысы туралы әңгімеледі. Бұдан бөлек, Қ.Әбден өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі тұстарына тоқталды. Халықаралық байқаушылар үміткердің өзі де, оның сайлауалды бағдарламасы да ерекше жарқын екендігін атап өтті. 

 Біздің миссия 27 қазаннан бастап жұмысқа кірісті. Қазақстандағы сайлау науқанын байқау бойынша бұл біздің 16-шы миссиямыз, ал жалпы ТМД аумағы бойынша – 119-шы. Сайлауалды кампанияның өту барысы туралы үміткердің пікірін өз аузынан есту, оның үгіт-насихат жұмыстарын өткізу мүмкіндіктерін қалай бағалайтынын білу біз үшін маңызды болды. Үміткер тарапынан айтылған барлық мәліметті біз саралап, өзіміздің қорытынды құжаттарымызға енгіземіз, — деп мәлімдеді Евгений Козяк. 

Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Үміткер Қ.Әбден ел аймақтарын аралап, 10 қала мен бірнеше ауылдық елдімекенде 20-дан астам кездесу өткізді Алдағы уақытта ол Қызылорда, Ұлытау, Солтүтстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарының сайлаушыларымен кездесу өткізеді.

 

Все новости