Қарақат Әбденнің ел өңірлеріне сапары жалғасуда
![](/img/articles/uploads/635f9d26bc1cd279218515_d9ce998160.jpg)
Қарақат Әбден сайлауалды сапары Алматы облысының Талғар қаласында жалғасын тапты. Қала тұрғындары мен өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытып жүрген кәсіпкерлер Қарақат Әбденнің сайлауалды бағдарламасымен танысты, деп хабарлады Elorda.info.
Жиын барысында үміткер шағын және орта кәсіпкерліктің маңыздылығын атап өтіп, ел экономикасының дамуына зор үлес қосатынын жеткізді. Сондай-ақ бизнес пен отбасылық құндылықтарды ұштастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды.
Талғар қаласынан бастау алған отбасылық бизнесті дамыту сұрақтары облыстағы Тұздыбастау ауылында өрбіді. Қ.Әбден осы ауылдағы отбасылық кәсіпті дөңгелетіп отырған Сайыпжамал Өтептің әулетіне арнайы ат басын бұрды.
Мен зейнетке шыққалы бері «Ақырыс» атты отбасылық бизнесті қолға алдым. Сүттен кілегей, қатық, құрт, ірімшік, сыр, айран, көже, жент жасаймыз. Елдің болашағы осындай шынайы, қолдан жасалған еңбектен басталады. Өзіміз Қарақат Әбденнің сайлауалды бағдарламасын тыңдап, разы болып жүргенбіз. Елді аралап, біз секілді қарапайым адамдарды қолдап жүргені үшін алғысымызды білдіреміз, - деп атап өтті кәсіпкер.
Бұған қоса, Қарақат Әбден оңтүстік астананың мәдени тыныс-тіршілігімен танысып, «Astana Musical» театрының халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған қойылымын тамашалады.
Еске салсақ, үміткер бұған дейін Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Абай облысының тұрғындарымен жүздескен еді. Алдағы уақытта оның Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының сайлаушыларымен кездесу өткізетіні мәлім.
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Ерлан Дәкенов: Еңбегің сіңсе, халық та сені бағалайды екен](/img/articles/uploads/err_d1716f575f.jpeg)
![«Ауыл» партиясының атынан Мәжіліске кімдер депутат болады](/img/articles/uploads/64226be76b085082479846_79eb06d716.webp)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)
![Сайлауды 793 шетелдік байқаушы бақылады](/img/articles/uploads/64215e3fb3c94792609333_538f1d2db5.jpg)
![ОСК бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты атанған 29 кандидаттың тізімін жариялады](/img/articles/uploads/64214dc2f020f365401138_3b1c02b3db.jpeg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Астана қаласының мәслихат депутаттары сайланды](/img/articles/uploads/641d9871e4565907528350_afe83809a1.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Қарақат Әбден президенттікке үміткер талаптарына сай келеді – ОСК](/img/articles/uploads/6353c010a51ff589646142_5677fc3580.jpg)
![Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталды](/img/articles/uploads/63529f8a72b15560760737_f3b2e266e8.jpg)
![Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын президенттік сайлауға белсене қатысуға шақырды (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/636e5a685110c871835175_d884febaef.jpg)
![Сайлау ойдағыдай өтіп жатыр – байқаушы](/img/articles/uploads/6379bc2b3171f969878171_e4c64aee42.jpg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Мәжіліс сайлауында қанша азамат дауыс береді](/img/articles/uploads/63ce66a081137528572547_c7dfb27811.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![«Көңіл-күй өте жақсы»: президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев сайлауда дауыс берді](/img/articles/uploads/6379c60d7abc2723266518_9cde2591b0.jpeg)