Қарақат Әбден ұлттық киімдер шеруін өткізуді ұсынды
![](/img/articles/uploads/63594e534ccd6592597974_70791bf3cb.jpg)
ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбден астаналық сайлаушылармен кездесу өткізді. Сайлауалды жиынға қала тұрғындары мен ұлттық киім өндірушілері, қолөнер шеберлері жиналды.
Жиын барысында Қарақат Әбден өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Үміткер өз сөзінде ұлттық киім өндірушілерінің еңбегі еленбей жатқанын жеткізіп, ұлттық киім өндірісіне мемлекет кеңінен қолдау көрсету керектігін айтты.
Ұлттық киім – эстетикалық сән ғана емес, халқымыздың тәлім-тәрбиесін, жастардың бойына патриоттық сезім сіңірудің ең тиімді құралы. Дәстүр де, өнер де, халқымыздың философиясы да – осы ұлттық киімімізде жатыр. Бұрын тек Наурыз мерекесінде есімізге түсетін ұлттық киім қазіргі кезде сұранысы бар қажет өнімге, трендке айналды. Осы орайда ұлттық киім өндірушілерінің еңбегі зор. Біз ұлттық киім өндірушілеріне барынша қолдау көрсетуіміз керек. Менің сайлауалды бағдарламам ұлттық мәдениетімізді негізге ала отырып жасалғандықтан, бұған баса мән беремін, – деп жеткізді Қарақат Әбден.
Кездесу барысында Қ.Әбден ұлттық киімдер шеруін өткізуді ұсынды. Бұл өзекті ұсыныс көпшіліктің қолдауына ие болды.
Қарақат Әбденнің ұлттық құндылықтарды дәріптеп, біздің мәселелерімізге көп көңіл бөлгені бізді қуантады. Үміткердің осы салада өзіндік пайымы, танымы бар екендігі көрініп тұр. Енді ұлттық киімдер шеруін бірлесіп өткізуге дайынбыз, - деп бөлісті «Берген» тоқыма мектебінің өкілі Ләйлә Лаврқызы.
Еске салсақ, Қарақат Әбден бұған дейін Ақмола облысы және Қарағанды қалаларының тұрғындарымен жүздескен еді. Республика бойынша үміткердің 20 штабы іске қосылған. Алдағы уақытта оның Павлодар, Абай және Алматы облысының сайлаушыларымен кездесу өткізетіні мәлім.
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Ерлан Дәкенов: Еңбегің сіңсе, халық та сені бағалайды екен](/img/articles/uploads/err_d1716f575f.jpeg)
![«Ауыл» партиясының атынан Мәжіліске кімдер депутат болады](/img/articles/uploads/64226be76b085082479846_79eb06d716.webp)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)
![Сайлауды 793 шетелдік байқаушы бақылады](/img/articles/uploads/64215e3fb3c94792609333_538f1d2db5.jpg)
![ОСК бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты атанған 29 кандидаттың тізімін жариялады](/img/articles/uploads/64214dc2f020f365401138_3b1c02b3db.jpeg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Астана қаласының мәслихат депутаттары сайланды](/img/articles/uploads/641d9871e4565907528350_afe83809a1.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Қарақат Әбден президенттікке үміткер талаптарына сай келеді – ОСК](/img/articles/uploads/6353c010a51ff589646142_5677fc3580.jpg)
![Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталды](/img/articles/uploads/63529f8a72b15560760737_f3b2e266e8.jpg)
![Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын президенттік сайлауға белсене қатысуға шақырды (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/636e5a685110c871835175_d884febaef.jpg)
![Сайлау ойдағыдай өтіп жатыр – байқаушы](/img/articles/uploads/6379bc2b3171f969878171_e4c64aee42.jpg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Мәжіліс сайлауында қанша азамат дауыс береді](/img/articles/uploads/63ce66a081137528572547_c7dfb27811.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![«Көңіл-күй өте жақсы»: президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев сайлауда дауыс берді](/img/articles/uploads/6379c60d7abc2723266518_9cde2591b0.jpeg)