Президенттікке үміткер Қарақат Әбден қарағандылықтармен кездесті
![](/img/articles/uploads/63577d9922c12787835364_0f616cf531.jpg)
ҚР президенттігіне үміткер Қарақат Әбден қарағандылықтармен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Қарақат Әбденнің сайлауалды штабы ел аймақтарын аралап, үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде. 24 қазан күні ҚР президенттігіне үміткер Қарақат Әбден еліміздің индустриялық орталығы – Қарағанды қаласының сайлаушыларымен кездесу өткізді.
Қарағанды қаласының «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығында ұйымдастырылған кездесу барысында үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кездесуге Қарағанды облысынан 100 жуық көп балалы ана келді. Тұрғындар отбасы құндылықтарына қатысты мәселелерді көтеріп, рухани, мәдени-әлеуметтік даму төңірегінде сұрақ қойып, нақты өтініштері мен ұсыныстарын айтты. Қарақат Әбден өзі де көп балалы ана ретінде қазақ отбасыларының мәселелерімен жақсы таныс екендігін жеткізді.
Бүгінгі кездесуде президенттікке үміткер Қарақат Әбденмен қоғамдағы өзекті мәселелерді талқыладық. Жиында көтерілген маңызды сұрақтардың барлығы Қарақат Әбденнің бағдарламасында көрініс тапқаны бізге ұнады. Өзіміздей көп балалы әрі ұлттық құндылықтарды насихаттап жүрген өзіміздей ананың президенттікке үміткер болып, ел болашағы үшін еңбек етіп жүргені біз үшін үлкен қуаныш, - деп бөлісті көп балалы аналардың бірі Сандуғаш Құлмақова.
Сайлауалды штабының баспасөз қызметі мәлімдегендей, бұдан бұрын Қарақат Әбден Астана маңындағы Қосшы қаласы мен Қоянды ауылының тұрғындарымен кездесу өткізген.
Еске салсақ, Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау 20 қараша күні өтеді.
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Ерлан Дәкенов: Еңбегің сіңсе, халық та сені бағалайды екен](/img/articles/uploads/err_d1716f575f.jpeg)
![«Ауыл» партиясының атынан Мәжіліске кімдер депутат болады](/img/articles/uploads/64226be76b085082479846_79eb06d716.webp)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)
![Сайлауды 793 шетелдік байқаушы бақылады](/img/articles/uploads/64215e3fb3c94792609333_538f1d2db5.jpg)
![ОСК бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты атанған 29 кандидаттың тізімін жариялады](/img/articles/uploads/64214dc2f020f365401138_3b1c02b3db.jpeg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Астана қаласының мәслихат депутаттары сайланды](/img/articles/uploads/641d9871e4565907528350_afe83809a1.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Қарақат Әбден президенттікке үміткер талаптарына сай келеді – ОСК](/img/articles/uploads/6353c010a51ff589646142_5677fc3580.jpg)
![Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталды](/img/articles/uploads/63529f8a72b15560760737_f3b2e266e8.jpg)
![Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын президенттік сайлауға белсене қатысуға шақырды (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/636e5a685110c871835175_d884febaef.jpg)
![Сайлау ойдағыдай өтіп жатыр – байқаушы](/img/articles/uploads/6379bc2b3171f969878171_e4c64aee42.jpg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Мәжіліс сайлауында қанша азамат дауыс береді](/img/articles/uploads/63ce66a081137528572547_c7dfb27811.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![«Көңіл-күй өте жақсы»: президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев сайлауда дауыс берді](/img/articles/uploads/6379c60d7abc2723266518_9cde2591b0.jpeg)