00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Алматыдағы үйінді астында қалған 3 адамның да денесі табылды

08.02.2024 | 07:25
117
Фото: дереккөз

Оқиға орнында үйінділерді бөлшектеу және балшық массасынан тазарту жұмыстары жалғасуда.

Құтқарушылар жұмысты негізінен қолмен жүргізуде.

Оқиға орнында құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған екі жас жігіттің денелерін тауып алып шықты, - делінген хабарламада.

ТЖМ психологтары туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетуде.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен Республикалық жедел-құтқару жасағының күштері үйінді астынан бір ер адамның денесін тапқан болатын.

Все новости