00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Түркістанда жоғалған зейнеткер егістік алқабынан табылды

фото: instagram.com/turkistan_polisia

Бұған дейін осындай жағдай бірнеше рет қайталанып, ауыл арасынан табылып жүрген анасының бір күн бұрын үйден шығып кеткенін қызы жеткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазығұрт ауданы полицейлерінің жедел іздестіру шараларын жүргізуі нәтижесінде қарт ана ауылдан 3-4 шақырым жердегі егістік алқабынан табылды.

Зейнеткер бір тәулік ішінде дін аман табылды. Тексеру барысында қарт ананың денсаулығына байланысты үйден есін білмей белгісіз бағытқа шығып кеткені анықталды. Оның қызы тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, әрқашан осылай ел қорғаны болып жүруді тіледі, - делінген хабарламада.

Все новости