00:00
Астана -10oC
USD:
475.18
EUR:
510.72
RUB:
5.47
Поиск

ШҚО-да ер адам жартастан өз бетінше түсе алмай қалған

ШҚО-да ер адам жартастан түсе алмай қалған
фото: видеодан алынған кадр

Глубокое ауданында Ново-Үлбинка ауылының маңында 1991 жылы туған ер адам жартасқа көтеріліп, өздігінен түсе алмаған, деп хабарлады Elorda.info ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, көмекке келген құтқарушылар оны жартастан түсіріп, арнайы костюм кигізіп су қоймасы арқылы өткізген. Содан кейін оны облыс орталығына жеткізді.

«Саяхатшыға медициналық көмек қажет болмады.

Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз», – делінген хабарламада.

Все новости