00:00
Астана -10oC
USD:
475.18
EUR:
510.72
RUB:
5.47
Поиск

Елімізде көкжөтелден екінші бала көз жұмды

Елімізде көкжөтелден екінші бала көз жұмды
фото: pixabay

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова қауіпті инфекциядан биылдыққа екінші бала көз жұмғанын мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Қайғылы оқиға Ұлытау өңірінде болған.

Биыл көкжөтелден екі бала көз жұмды, біреуі – Қарағанды облысында, ал екіншісі – Ұлытауда. Ал олардың екеуі де екпе салатын жасқа жетпеген, – деп мәлімдеді Айжан Есмағамбетова.

Дәрігерлер көкжөтелдің өте қауіпті инфекция екенін айтады. Сөздерінше, ауырған 10 адамның төртеуі одан өлуі мүмкін.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ай сайын көкжөтелді 350-ден 400-ге дейін адам жұқтырып жатыр. Науқастардың 90%-ға жуығы екпе алмаған.

Денсаулық сақтау министрлігі халықты екпеден бас тартпауға шақырады. Елдің бас дәрігері көкжөтелге қарсы француз вакцинасы тиімді дейді.

Все новости