00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Жеңіс Қасымбек Иван Панфиловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

09.05.2023 | 13:08
130
Фото: Ж.Қасымбектің Instagram парақшасынан

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Иван Панфиловтың ескерткішіне гүл шоқтары қойды. Бұл туралы қала әкімі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

9 мамыр – еліміздің төл тарихындағы қастерлі күн. Бұл – жанын пида еткен аталарымыз бен әкелеріміздің, әжелеріміз бен аналарымыздың рухына тағзым етіп, алғыс айтатын күн. 

Майдангерлердің қаһармандығы мен қайсарлығының, тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында бүгінде бейбіт күнде өмір сүріп жүрміз. 

Қаламызда Екінші дүниежүзілік соғыс батырларын еске алуға арналған мемориалдарға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. II дүниежүзілік соғыс жылдары қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алдым. 

Ел басына күн туғанда жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен қаһармандардың рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз! Баршаңызға зор денсаулық, амандық және бейбіт өмір тілеймін! 

Жеңіс күні құтты болсын! - деп жазды елорда әкімі.

Все новости