00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді

04.07.2024 | 12:17
Торғын Аман
130
Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді
фото: ашық дереккөзден

Елордада әлеуметтік желі арқылы азаматтарды алдап, ақшаларын иеленген алаяқ ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жалған жарнама беріп, ақша салу арқылы азаматтарға ақшасын көбейтеміз деп уәде берген 19 жастағы алаяқты қолға түсірді.

Полицейлер күдіктінің 20 алаяқтық оқиғаға қатысы барын анықтады.

«Астана қалалық полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, алаяқтардың айла-амалына берілмеуге және белгісіз біреулерге ақша аудармас бұрын ақпаратты тексеруге кеңес береді», - делінген хабарламада.

Все новости