00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті

04.07.2024 | 16:19
Олжас Сүлейменов
132
Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті
Фото: дереккөз

Астанада ШЫҰ университеттерінің «Жоғары білім беру және өндірісті интеграциялау саласындағы ынтымақтастық» атты халықаралық симпозиумы өтті, деп хабарлады Elorda.info

Ауқымды іс-шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Болат Ақшолақов,  ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚХР Білім министрі Хуай Цзиньпэн, Жібек жолы университеттері альянсының басшылығы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, Сиань Цзяотун университетінің ректоры Чжан Лицюнь, Астана IT университеті ректорының міндетін атқарушы Серік Өмірбаев және 20 жоғары оқу орнының ректоры қатысты. 

Симпозиум аясында «ШЫҰ-ға қатысушы елдердің жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастығы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Кітапта ШЫҰ-ға қатысушы елдердің білім-ғылым, халықаралық ынтымақтастық саласындағы ортақ табыстары мен  бірлесе атқарған жұмыстары орыс, ағылшын, қытай тілінде баяндалған.

Все новости