00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды

ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға «5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» таныстырылды
Фото: дереккөз

Саммит өтетін Бейбітшілік және келісім сарайында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция шетелден келген қонақтарға ойындарды таныстыру мақсатында «Ұлы даладағы кездесу» тақырыбында көрме қойылымын дайындады, деп хабарлады Elorda.info дирекцияға сілтеме жасап. 

ШЫҰ сессиясы өтетін ғимараттарда ойындардың ресми промороликтері орналастырылды. Ал ұлттық нақышта безендірілген арнайы таныстырылым бұрышында дирекция өкілдері шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына арнайы сұхбаттар легін ұйымдастырды. 

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар 5 шілдеде «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде шетелдік дипломаттар мен ШЫҰ-да тіркелген журналистер үшін ойындармен кеңірек таныстыру мақсатында арнайы шара өткізеді, - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланды.

Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Все новости