00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

«Жасыл Астана»: Әлихан Смайылов жалпықалалық сенбілікке қатысты

29.04.2023 | 12:48
79
Фото: дереккөз

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет аппаратының қызметкерлерімен бірге «Жасыл Астана» жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлады Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлы Дала даңғылының бойына жағалай жасыл желек, оның ішінде қарағай, балқарағай, қайың, қарақат сияқты 120-ға жуық көшет егілді.

Сондай-ақ бүгін елордада мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпорындар ұжымдары және қала тұрғындары іргелес аумақтар мен су жағалауларын тазалап, ағаш екті.

Айта кетейік, Астанада 6 мамырға дейін дәстүрлі экологиялық шара аясында сенбіліктер мен басқа да «жасыл» акциялар легі жалғасады.

Все новости