«Жаңа жыл Fest & Gastromania»: Астанада жаңажылдық жәрмеңке-фестиваль өтеді
![](/img/watch-gray.png)
Астанада 15 желтоқсан күні EXPO халықаралық көрме орталығында «Жаңа жыл Fest & Gastromania» жаңажылдық жәрмеңке-фестивалінің ашылуы өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
15-17 желтоқсан аралығында көрме орталығында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы ұйымдастыратын жаңажылдық жәрмеңке-фестиваль өтеді. Жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін.
Жәрмеңке аясында EXPO қонақтарына мәдени-ойын-сауық бағдарлама ұсынылады: DJ-дің орындауында жаңажылдық музыкалық жинақ, кофе қайнату бойынша баристалар жарысы, жаңажылдық фотоаймақ, Санта Клаус шеберханасы, онда келушілер жаңажылдық ойыншықтар мен сыйлықтар жасау бойынша қызықты шеберлік сабақтарына қатыса алады.
Сол сияқты Аяз ата және Ақшақармен кездесу, шыршаны айнала билеу, тосынсыйлар мен ұтыс ойындары, қазақстандық азық-түлік өндірушілермен танысу, жаңажылдық тәттілердің дәмін тату, үйді безендірумен және безендірудің ең үздік тәжірибелерімен танысу, достарыңыз бен жақындарыңызға кәдесыйлар мен сыйлықтар, сондай-ақ қысқы киім-кешек сатылымы – осының барлығы мерекелік атмосфераны сезінуге мүмкіндік береді.
Іс-шараның негізгі бағыттары:
- Жаңажылдық безендіру (мерекелік декор, жаңажылдық ойыншықтар мен сыйлық орамасы);
- Гастрономия (тәттілер, кондитерлік өнімдер, снэктер, кофеханалар, кафелер мен мейрамханалар);
- Киім (аяқ киім, бас киім, жемпір, қолғап, шұлық және т.б.);
- Сыйлықтар мен кәдесыйлар (тұрмыстық техника мен тауарлар, сыйлық қораптары, косметика және денсаулыққа пайдалы өнімдер);
- Қолдан жасалған тауарлар (ойыншықтар, тоқыма бұйымдары, зергерлік бұйымдар, қолөнер бұйымдары, дизайнерлер мен қолөнершілер).
Жәрмеңке-фестиваль – микро, шағын және орта бизнес өкілдерін (соның ішінде отандық өндірушілер), сондай-ақ қолдан жасалған бұйымдарды ұсынатын қолөнершілерді біріктіруге және қолдауға мүмкіндік беретін әлеуметтік жоба.
Былтыр өткен алғашқы жаңажылдық жәрмеңкеде 200-ден астам кәсіпорын, оның ішінде 100-ден астам қолөнерші жиналып, іс-шараға 26 мыңға жуық адам қатысқан. Биыл 200-ге жуық қатысушы мен 50 мың келушіні (кәсіпкерлер, интернет-дүкендер, қолөнершілер және т.б.) жұмылдыру жоспарланып отыр.
![](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Елордадағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда тұрғындарының саны 1,5 миллионға жуықтады](/img/articles/07d40791a6a74284eb2bf99b8d258fb6.jpeg)
![Астанада қала күніне орай «Асыл мұра» концерті өтті](/img/articles/1648264bf82fc5f3b1d0cc1a9e53328d.jpeg)
![Роза Асылбекова: Астананың Арқаға көшетінін естігенде «Сәкеннің арманы орындалды» деп қуандық](/img/articles/939617de9ac9eec715892c1c675eb645.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)