00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Сыбайлас жемқорлық жиі орын алатын салалар аталды

12.03.2024 | 12:34
143
Фото: дереккөз

Ұйымды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы Алик Шпекбаев басқарады, ал оның орынбасары болып «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов тағайындалды.

Дидар Смағұловтың айтуынша, жаңадан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық желі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында тәжірибесі бар Қазақстанның бірқатар жетекші үкіметтік емес ұйымының басын біріктірді.

Біз бәріміз Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ұстанымын білеміз: оның барлық бағдарламалық құжатында бұл мәселе бірінші орында тұр. Сондықтан біз көптеген ҮЕҰ-ның күш-жігерін біріктіріп, елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іс жүзінде барынша жүзеге асырғымыз келеді. Бірлік бар жерде – тірлік бар. Бір-бірімізге көмектесіп, тәжірибемізбен бөлісеміз және тиімді жұмыс істейтін боламыз. Үкіметтік емес сектор мәселені іштен көріп және дұрыс шешу жолдарын қарастырады, біз сыбайлас жемқорлыққа бастайтын жағдайлар мен оның себептерін жоя аламыз, - деп атап өтті Д.Смағұлов.

Ұйымның міндеттеріне мемлекеттік және квазимемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен айқындығына қол жеткізу, бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды ұйымдастыру, НҚА сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы, қоғамдық бақылау арқылы бюджеттік бағдарламалардың мониторингі және т.б. кіреді. 

Елімізде жыл сайын мемлекеттік сатып алудың әртүріне шамамен 10 трлн теңге жұмсалады. Бірақ, өкінішке қарай, азаматтардың қажеттілігі мен үмітін ақтамайды. Жолдардың, мектептердің сапасы қажетті деңгейде емес, құрылыстың қарқыны төмен. Сондықтан алғашқы негізгі екпінді мемлекеттік сатып алу мониторингіне жасаймыз, - деді Дидар Смағұлов.

Кездесу аясында қоғамдық бақылаудың қажет екені талқыланып, сондай-ақ еліміздегі білім беру, құрылыс, отын-энергетика кешені сияқты салаларда жемқорлық ең жиі орын алатыны айтылды. 

Все новости