00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Руслан Жақсылықов елордадағы әскери полиция бас басқармасына барды

06.02.2024 | 06:55
152
Фото: дереккөз

Саптық алаңда Әскери полиция бас басқармасының бастығы, полковник Руслан Құлымбетовтің баяндамасынан кейін Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы арнайы техниканы қарап шықты. Құқық қорғау органдарының жарақ құрамында КамАЗдар, «Арлан» жауынгерлік дөңгелекті машиналары, Hummer автомобильдері және басқа маркалы техникалар бар.

984e2c902989b93c10fdd193c6eb5aea_1280x720.jpg

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов кинологиялық қызметтің жабдықталу деңгейін көріп, қызметтік иттердің арнайы жабдықтары мен жаттығатын мүліктерін тексерді.  

Жедел кезекші лауазымына, қоғамдық қауіпсіздік басқармасының кабинеттеріне, статистика және полиграфологиялық зерттеу бөлімдеріне барған кезде генерал-полковник Руслан Жақсылықовқа мамандардың функционалы және әскери полицияның құрылымдық бөлімшелері орындайтын міндеттері баяндалды. 

Қарулы күштерде әскердегі құқық бұзушылық барынша назарда ұсталатынын атап өткен жөн. Бұл шараларды әскери полиция қызметкерлері басқа мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп өткізеді. 

Кездесу соңында Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Әскери полиция бас басқармасының инспекциясын қорытындылап, инфрақұрылымды дамыту, кадрлық әлеуетті нығайту және еліміздің Қарулы күштерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге жауапты бөлімшелерді жарақтандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Все новости