00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Президент саябағына 300-ден астам ағаш отырғызылды

29.04.2023 | 13:30
71
фото: Василий Крась

Бүгін таңертең Президент саябағына қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметшілер, түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері  жалпықалалық сенбілікке жиналды деп хабарлады Еlorda.info.

Экологиялық айлық аясында біздің ауданда сенбіліктер үнемі өткізіліп тұрады, оның ішінде жасыл желектер отырғызылады. Біз ауданда 2500-ден астам ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз. Ал бір жылда - 10 мыңнан астам. Тұрғындарды сенбілікке белсенді қатысуға шақырамын. Біз барлық қажетті мүмкіндік құралдарын, ұсынамыз. Ең бастысы – жақсы көңіл-күймен келіп, ауданды көгалдандыруға күш салу керек, - дейді Алматы ауданы әкімінің орынбасары Мұхамедияр Қожекенов.

76e3a163-a1b8-4826-bf44-7f8e5d119a3f.jpg

Сенбілікке Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич те қатысты.

Біз бәріміз елорданың мүмкіндігінше жасыл болғанын қалаймыз. Бүгін экологиялық іс-шараға қатысып отырғаныма өте қуаныштымын. Мен саябаққа қарама - қарсы тұрамын .Күн сайын осы саябақтағы көріністі тамашалаймын, - деді ол. 

Ағаш отырғызуға қатысу үшін көптеген адамдар тек ұжыммен ғана емес, отбасыларымен бірге қатысты.

Все новости