Президент Астана әкімін қабылдады: Биыл қалада 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылады
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/230615150736656e_19333611f3.jpg)
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы баяндалды.
Әкімдіктің мәліметі бойынша биылғы 5 айда тартылған инвестиция көлемі 425 миллиард теңгеден асып, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда өсім 20 пайыздан артты. Сондай-ақ 2023 жылы 25 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл 87 миллиард теңге көлемінде қаржы тартуға және 1,8 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Президентке тұрғын үй алаптарын дамыту, апатты жағдайдағы ескі тұрғын үйлерді бұзу, әлеуметтік нысандар салу, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау, шағын және орта бизнесті қолдау, жұмыс орындарын ашу және қаланы абаттандыру мәселелері жөнінде есеп берілді.
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл 6 мыңға жуық әлеуметтік жеңілдікпен берілетін пәтер және 16 үлескерлік құрылыс нысанын салу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ елорданың көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында биыл Тәуелсіздік даңғылындағы көпір құрылысы аяқталып, қаланың қоғамдық көлік бағдарлары бойынша 400 жаңа автобус пайдалануға беріледі.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына ауызсу станциясы (ССС-3), жылу электр орталықтары, газ жылу станциялары құрылысының барысы туралы мәлімет берілді. Мысалы, ССС-3 станциясы пайдалануға берілгеннен кейін оның қуаты тәулігіне 100 мың текше метр су жеткізуге жетеді. ССС-3 станциясының бірінші кезеңін маусым айының соңында, екінші кезеңін биыл тамызда іске қосу жоспарланып отыр. Бұған дейін Астана су қоймасынан су құбырын тарту жұмыстары басталған болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаланы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр. Биыл 150-ден астам аула мен қоғамдық орындарды абаттандыру жоспарланған.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту, қаланы абаттандыру, көгалдандыру, сондай-ақ жылыту маусымына дайындық жөнінде бірқатар тапсырма берді.
![](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Елордадағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда тұрғындарының саны 1,5 миллионға жуықтады](/img/articles/07d40791a6a74284eb2bf99b8d258fb6.jpeg)
![Астанада қала күніне орай «Асыл мұра» концерті өтті](/img/articles/1648264bf82fc5f3b1d0cc1a9e53328d.jpeg)
![Роза Асылбекова: Астананың Арқаға көшетінін естігенде «Сәкеннің арманы орындалды» деп қуандық](/img/articles/939617de9ac9eec715892c1c675eb645.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)