Бүгін EXPO кешені аумағында жазғы концерттер маусымы ашылады
![EXPO кешені аумағында жазғы концерттер маусымының ашылуы өтеді](/img/articles/8a78334fccd76681fa490d3d45accc0d.jpg)
15 маусымда EXPO іскерлік кешенінің аумағында жазғы концерттер маусымы басталады. Жаңа маусым халық және заманауи шығармаларды орындайтын «Тарлан» этноансамблінің, вокалдық-аспаптық топтың және әртістердің қатысуымен өтетін этнофестивальмен басталады, деп хабарлады Elorda.info.
Жылда жазда маусым мен қыркүйек аралығында EXPO аумағындағы жазғы сахна әр демалыс сайын жұмыс істей бастайды.
Апта сайын демалыс күндері жазғы сахнада 101 тобы, Қайрат Баекенов, Маржан Арапбаева, Мирас Жүгінісов және басқа да ұжымдар мен әртістердің концерттері өтеді. Концерттер сағат 19:00-де басталады және кіру тегін болмақ.
«EXPO кешенінің аумағында ролик тебуге арналған роллердром ашылды. Роллердромның жұмыс уақыты жұмыс күндері сағат 14:00-ден 23:00-ге дейін, ал демалыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін. Роликтерді жалға алу құны - 2000 теңге, ал өз ролигімен кіру тегін. Сондай-ақ жасөспірімдер мен ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін бейімделген бірегей ойын алаңы орналасқан саябақ аймағында серуендеуге де болады», - деп көрсетті «QazExpoCongress» ҰК» АҚ.
Бұдан бөлек аумақта Болашақ энергиясы мұражайы жұмыс істейді, ол сейсенбіден жұмаға дейін сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді, дүйсенбі – техникалық күн.
Сондай-ақ осы демалыс күндері аумақта сағат 14:00-ден бастап Garage Fest жәрмеңкесі өтеді, оған 50 кәсіпкер мен қолөнерші қатысады. Жәрмеңкеде ұлттық әшекейлер, декор элементтері, эко сөмкелер, қолдан жасалған майшамдар, ойыншықтар және т.б. болады.
![Астананың миллионыншы тұрғыны екінші сыныпқа көшті](/img/articles/04e277126c73ae8e00686f0d27967cbc.jpeg)
![Ардагерлер көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Елордадағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда тұрғындарының саны 1,5 миллионға жуықтады](/img/articles/07d40791a6a74284eb2bf99b8d258fb6.jpeg)
![Астанада қала күніне орай «Асыл мұра» концерті өтті](/img/articles/1648264bf82fc5f3b1d0cc1a9e53328d.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)