Есіл ауданының күміс еріктілері игі іс жасады
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_11_17_at_12_28_59_c24cdf6dab.jpeg)
Бүгін Есіл ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының күміс еріктілері «Шарапат»әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды, деп хабарлады Elorda.info.
Күміс еріктілер орталықта әлеуметтік қызмет алатын қарияларға өз қолдарымен тоқыған жылы шұлықтарын табыстады.Есіл ауданы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жаппай іс-шараларды ұйымдастырушысы Ләззат Утегулованың сөзінше, күміс еріктілер әрқашанда қоғамдық жұмыстарға белсенділік танытады.
Біздің орталықта 30-ға жуық күміс ерікті бар. Бүгінгі жиналған еріктілер орталығымызда өтетін тоқыма үйірмесіне қатысады. Осы топтың қолдауымен игі іс жасауға келдік. Еріктілер үйірме барысында өздерінің қолдарынан жылы шұлық тоқыды. Бұдан бөлек, белсенді еріктілеріміз мектеп оқушыларына ұлттық құндылықты дәріптеп келеді. Сонымен қатар мереке күндері концерт ұйымдастыруға қатысады. Жалпы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы 2021 жылдың қарашасында зейнеткерлік жастағы адамдарды белсенді мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге әлеуметтендіру мақсатында құрылған. Орталықтың қызметі егде жастағы азаматтардың бос уақытын және мәдени бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған. Соның ішінде бірқатар спорттық-сауықтыру бағдарламалары, бос уақытты өткізу, қауіпсіздік мәселелері бойынша лекциялар, егде жастағы азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру бойныша жұмыс жүргізіледі,- дейді Ләззат Утегулова.
Айта кетейік, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 1989 жылдан бастап әлеуметтік қызмет көрсетеді. Мекемеде толық немесе жартылай қозғалу және өзіне қызмет көрсету қабілетінен айырылғандардың тұрақты және уақытша тұруы үшін 400 орын бар. Орталық стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді, және күндізгі бөлімше жұмыс жасайды.
![](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Елордадағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда тұрғындарының саны 1,5 миллионға жуықтады](/img/articles/07d40791a6a74284eb2bf99b8d258fb6.jpeg)
![Астанада қала күніне орай «Асыл мұра» концерті өтті](/img/articles/1648264bf82fc5f3b1d0cc1a9e53328d.jpeg)
![Роза Асылбекова: Астананың Арқаға көшетінін естігенде «Сәкеннің арманы орындалды» деп қуандық](/img/articles/939617de9ac9eec715892c1c675eb645.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)