00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елорданың Нұра ауданында Полиция басқармасы құрылады

07.06.2023 | 10:30
181
Фото: NUR.KZ

Премьер-министр Әлихан Смайылов «Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелерi туралы» Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының полиция департаменті Нұра ауданының полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесi құрылсын. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте ҚР Ішкі істер министрлігін ұстауға арналған және жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін, - деп жазылған Үкімет қаулысында.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енді. 

Еске сала кетейік, жуырда Астанада жаңадан құрылған Нұра ауданының шекарасы бекітілді.

Все новости