00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Ататүрік саябағында отбасылық мереке ұйымдастырылды

12.05.2024 | 10:34
160
Елордалық Ататүрік саябағында отбасылық мереке ұйымдастырылды
Фото: дереккөз

Мамыр айының екінші жексенбісінде Қазақстанда Аналар күні аталы өтеді. Биыл ол 12 мамырға келіп тұр. Мереке қарсаңында астаналық Ататүрік саябағында Байқоңыр ауданының бастамасымен «Анаммен табиғат аясында» атты аналарға арналған іс-шара өткізілді, деп хабарлады Elorda.info Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ашық аспан астында Ататүрік саябағында сурет салу бойынша шеберлік сабағы, йога сабақтары, көңілді старт форматындағы спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Іс-шараны Байқоңыр ауданының әкімдігі ұйымдастырды. "Strong mothers NS" қоғамдық қоры қолдау көрсетті.

Қор басшысы Райгүл Серікбаеваның айтуынша, іс-шараның мақсаты - аналар мен олардың балаларын ғана емес, бүкіл отбасын біріктіру.

Осы шуақты күнде біздің ардақты аналарымыз өз уақыттарын балаларға арнайды. Осындай жақсы іс-шараларды өткізу отбасын да, жалпы қоғамды да нығайтады. Бұл өз кезегінде қазақстандықтардың одан әрі ұйымшыл және біртұтас болуына ықпал етеді, - деп атап өтті Райгүл Серікбаева.

Іс-шара саябақтың ашық алаңында басталды, онда аналар мен қыздар кәсіби жаттықтырушының жетекшілігімен йогамен айналысты. Содан кейін ата-аналар балаларымен бірге ағаштардың көлеңкесінде мольбертке сурет салды. Жақын жерде жігерлі балалар үшін көңілді старттар өткізілді.

Қатысушылар арасында №4 орта мектептің мұғалімі, үш баланың анасы Минат Сунхар да болды.

Мен саябақта өтетін іс-шара туралы айтқан кезде, балалар қатты қуанды және осы күнді асыға күтті. Әртүрлі іс-шаралар қыздарыма да, ұлыма да ұнады. Мереке жақсы өтті деуге болады, - деді ол.

Іс-шара соңында қатысушылар үшін пикник және фотосессия ұйымдастырылды.

Все новости