Елордалықтарға энергия үшін төлеген артық ақшасы қайтарылып жатыр
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/energiya_a65fb7bdb1.webp)
Астанада прокуратураның араласуына кейін электр энергиясы үшін артық төлем жасаған тұрғындарға ақшалары қайтарылып жатыр, деп хабарлады Elorda.info ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Биыл әлеуметтік желілерде елорда тұрғындарынан электр энергиясы үшін жоғары шоттар белгіленгені туралы жарияланымдар жиілеп кетті. Бұл мәселе қала прокуратурасында уәкілетті органдардың, әкімдіктің және қызмет көрсетушілердің («Астана-АЭК» АҚ және «Астанаэнертұтыну» ЖШС) қатысуымен талқыланды.
Анықталғандай, энергиямен жабдықтаушы ұйымның деректерді қабылдап-жинақтауды тиісті ұйымдастырмауынан тұтынылған электр энергиясының көлемі дұрыс есептелмеген. Көптеген астаналықтарға орташа тәуліктік көлем есептелген. Осылайша есептеу құралдарының көрсеткіштеріне сәйкес абонент нақты қабылдаған энергия мөлшері үшін энергия төлемін жүргізу туралы Азаматтық кодекстің 488-бабының талаптары бұзылған.
Салдарынан қала тұрғындарына үлкен мөлшерде есепшоттар келген, - делінген Бас прокуратура мәліметінде.
Еске салайық, мән-жайды анықтау үшін қала тұрғындары «Астана-АЭК» АҚ мен «Астанаэнерготұтыну» ЖШС-нің табалдырықтарын тоздыруға мәжбүр болған еді.
Саны шектеусіз адамдар тобының құқығы бұзылуын ескере отырып, қала прокуратурасы Бас прокуратура арқылы Табиғи монополияларды реттеу комитетіне қадағалау актісін енгізді. Уәкілетті орган электр энергиясы үшін негізсіз есептеуге жол берген субъектілерге тексеру жүргізу туралы мәселені қарауы қажет. Бұзушылықтар анықталған жағдайда заңда көзделген ден қою шараларын қабылдайды. Қазіргі уақытта «Астана-АЭК» АҚ бірнеше он мыңдаған абонентке электр энергиясының көлемін қайта бөлді. Есептеулерді түзету жұмыстары жалғасып жатыр және прокуратураның бақылауында, - делінген ведомство мәліметінде.
Айта кетейік, электр энергиясы үшін артық төлем жасаған тұрғындар мен мекемелер Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі қалалық департаментке өз бетімен де жүгіне алады.
![Астананың миллионыншы тұрғыны екінші сыныпқа көшті](/img/articles/04e277126c73ae8e00686f0d27967cbc.jpeg)
![Ардагерлер көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Елордадағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда тұрғындарының саны 1,5 миллионға жуықтады](/img/articles/07d40791a6a74284eb2bf99b8d258fb6.jpeg)
![Астанада қала күніне орай «Асыл мұра» концерті өтті](/img/articles/1648264bf82fc5f3b1d0cc1a9e53328d.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)