00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Астанада жыл басынан бері 5 мыңға жуық жас жұмыспен қамтылды

Астанада жыл басынан бері 5 мыңға жуық жас жұмыспен қамтылды
Фото: Сұлтан Сейіт

Астана қаласы Коммуникациялар қызметі алаңында елордадағы «Еңбек мобильділігі орталығы» ҚММ директоры Олжас Омардың қатысуымен брифинг өтті. Онда түлектерді жұмысқа орналастыру туралы айтылды, деп хабарлады Elorda.info.

Орталық директорының сөзінше, елордада жыл басынан бері 4 712 жас жұмыспен қамтылды.

«Жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру – Астана қаласының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ маңызды міндеттерінің бірі. Жыл басынан бері елордада жұмыспен қамту шараларымен 4 712  жас  қамтылды, оның ішінде 1 642-сі тұрақты жұмысқа орналасты. Ал 1 437 жас мамандарды жеңілдетілген жұмыс орындарына жіберілді, оның ішінде 365  «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша мемлекет тарапынан қолдау алды, 95  «Алғашқы жұмыс», 118  әлеуметтік жұмыс орындарына, 859  қоғамдық жұмыстарға орналыстырылған», - дейді ол.

Брифинг барысында Олжас Омар жастарды жұмысқа орналастыру бойынша бағдарламаларға тоқталып өтті.

«Бүгінде жастарды жұмыспен қамту бойынша үш бағдарлама бар. Алғашқы жұмыс орны  алғаш жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздарға жұмыс орнын және қажетті еңбек дағдыларын беруге бағытталған жоба. Кепілдендірілген жалақы – 30 АЕК (110 760 теңге). Практикадан өту мерзімі еңбек өтіліне есептеледі. Мекемеде тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі артады. Ұзақтығы 18 айдан аспайды. Талап бойынша  жұмыс тәжірибесінің болмауы керек және жасы 35 жастан аспау қажет», - дейді орталық басшысы.

Жастар тәжірибесі (практикасы)  колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектеріне мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін арналған.

Талаптары:

  • 5 жылдан кешіктірмей алған дипломының болуы (университет немесе колледж);
  • Кәсіби тәжірибенің болмауы;
  • Жасы 35 жастан жоғары емес;
  • Кепілдендірілген жалақы – 30 АЕК (110 760 теңге);
  • Практикадан өту мерзімі еңбек өтіліне есептеледі;
  • Мекемеде тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі артады;
  • Ұзақтығы 12 айдан аспайды.

Ұрпақтар келісімішарты  зейнеткерлік жасқа толған жұмыс істеп тұрған қызметкерді кейіннен ауыстыра отырып, оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға арналған.

Талаптары:

  • 3 жылдан кешіктірмей алған дипломының болуы (университет немесе колледж);
  • Жасы 35 жастан жоғары емес;
  • Кепілді жалақы – 30 АЕК (110 760 теңге);
  • Практикадан өту мерзімі еңбек өтіліне есептеледі;
  • Мекемеде тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі артады;
  • Ұзақтығы 6 айдан аспайды.
Все новости