00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елордада «Жан пида» спектаклінің премьерасы өтеді

30.01.2024 | 11:47
178

Қойылымда табиғат пен адам баласы арасындағы күрделі қарым-қатынасты биік адамгершілік деңгейде көтеріп, оның мәңгілік ажырамас байланысына философиялық астармен қарауға үндейді. 

Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрқанат Жақыпбай.

Жарық дүниеде адамға не қиыншылық кездеспесін, ол кімнен қиянат көрмесін, бірақ, шындық мәңгі өмір сүреді. Адам туады, өледі, бірақ мәңгі-бақи өлмейтін шындық бар, ақиқат бар..., – деп атап өтті режиссер. 

Айта кетейік, спектакль Қырғызстанда өткен заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына арналған VI халықаралық «Айтматов және театр» фестивалінде бас жүлдені жеңіп алған болатын.

Все новости