00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елордадағы «Көктал» саябағына 250-ге жуық ағаш отырғызылды

29.04.2023 | 11:24
93

Бүгін елордада жалпықалалық сенбілік өтуде. Сарыарқа ауданының тұрғындары тазалық науқанына белсенді ат салысып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Сарыарқа ауданының әкімшілігі, ұйымдар, кәсіпорын ұжымдары мен белсенді қала тұрғындары «Көктал» саябағына жиналды. Сенбілік аясында аудан бойынша жалпы  600-ге жуық ағаш отырғызылады. Ал Көктал елді мекенінде орналасқан саябаққа шамамен  250 түп ағаш отырғызылды. Оның ішінде қарағай, қайың, шырша бар.

WhatsApp Image 2023-04-29 at 11.17.50.jpeg

Аталмыш елді мекеннің ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыр Құсайынов қариялардың басын қосып, сенбілікке белсенді қатысып жатыр. 

WhatsApp Image 2023-04-29 at 11.17.53.jpeg

Кеңес замананың адамдары ретінде біз үшін сенбілік деген қалыпты жиын.Көктем келсе көшелерімізді тазартып, ағаш отырғызамыз. Қазір жиырмаға жуық қариялар сенбілікке қатысып жатыр. Көктал тұрғын алабының ардагерлер ұйымының төрағасымен, бізде  500 астам қария бар. Бүгін тек осы саябақ ішінде ғана емес, қариялардың үй ауласында, зиратта тазалық жұмыстарын жүргіземіз,- дейді Сабыр Құсайынов. 

Пара дзюдодан әлем чемпионы Ақмарал Науатбек те сенбілікке қатысып, тұрғындармен бірге ағаш отырғызды.

Кешеге ғана Азия чемпионатында күрестік. Маған ел қоржынына күміс медалін салу бұйырды. Бүгін осындай жалпыхалықтық сенбілікке қатысуға келдім. Алғаш рет осындай ауқымды тазалық жұмысына қатысып тұрмын. Әрқашан «сенбілік өтеді» дегенді естиміз. Бірақ спорттық жарыстар мен дайындықтарға байланысты қатыса алмайтынмын. Енді сенбілік жұмыстарына белсене қатысып отырамын деп шештім. Бүгін  қала тұрғындары бәрі ұйымшыл болып , өз ауданы үшін пайдалы іс істеп жатыр, - дейді Ақмарал Науатбек.

WhatsApp Image 2023-04-29 at 11.17.52 (1).jpeg

Тазалық жұмыстарына қатысқан Астана қалалық мәслихат депутаты Бауыржан Смайылов өз сөзінде, жастардың қоғамдық жұмысқа белсенді екенін атап өтті.

WhatsApp Image 2023-04-29 at 11.17.51.jpeg

Бүгін біз «Көктал» саябағына келіп, ағаш отырғызып, қаламыздың гүлденуіне өз үлесімізді қосуға келіп отырмыз. Бүгін жастар көп, бұл үлкен буын өкілдерін қатты қуантып жатыр. Осы жерде заман талабына сай жақсы саябақ салынды. Сондықтан да біз оны әріқарай күтіп ұстауымыз керек. Тазалық бар жерде адамдардың да көңіл күйі көтріңкі болады. Ағаш отырғызып, былтырғы шөпті жинау барлық тұрғыннын міндеті деп есептеймін.  Қаламыз таза, саябақтарымыз көп болсын,-  дейді қалалық мәслихат депутаты. 

WhatsApp Image 2023-04-29 at 11.17.52.jpeg

 «Көктал» саябағында  200 жуық адам сенбілікке қатыса, аудан бойынша  12 мыңнан аса тұрғын белсенділік көрсетті. Тұрғындарға ыстық шай, бауырсақ пен тәттілер ұсынылды.  Жалпы елордада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы 6 мамырға дейін жалғасады.

WhatsApp Image 2023-04-29 at 11.17.51 (1).jpeg

Все новости