Елордада «Әскери керней» фестивалі өтті
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/04_2_10fbf11357.jpg)
Есіл өзенінің жағалауындағы амфитеатрда «Әскери керней» музыкалық фестивалі аясында әскери оркестрлердің плац-концерті өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Дәстүрлі фестиваль осымен оныншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Биыл ол мемлекеттік рәміздер күніне және Астана күні мерекесінің 25 жылдығына арналды.
Плац-концерттің мақсаты – елдің рухын көтеру, әскери музыканы насихаттау және өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу.
Мәдени іс-шараға ҚР Ұлттық ұланының оркестрлері, Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ансамблі, Қорғаныс министрлігінің Орталық оркестрі және Төтенше жағдайлар министрлігінің оркестрі, сондай-ақ еліміздің шығармашылық ұжымдары қатысты.
Плац-концерт барысында музыкалық ұжымдар әлемдік классика мен халық арасындағы рухты әндерді орындауда жоғары шеберлік көрсетті.
Сондай-ақ, фестиваль барысында Ұлттық ұланның әскери оркестрлері арасында байқау өтті. Оның қорытындысы бойынша Ұлттық ұлан Академиясының оркестрі (Петропавл қ.) үшінші орынды иеленді. Екінші орынды «Орталық» (Қарағанды қ.) және «Батыс» (Орал қ.) өңірлік қолбасшылықтарының жиынтық оркестрлері иеленді. Бірінші орынды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жиынтық оркестрі (Алматы қ.) иеленді. «Әскери керней» конкурсының Гран-приін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жиынтық оркестрі (Өскемен қ.) жеңіп алды.
Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы атынан және өз атымнан барлық әскери дирижерлер мен музыканттарға конкурсқа қатысқаны үшін алғысымды білдіремін. Іс-шараны ұйымдастыруда көрсеткен қолдауы үшін Астана қаласының әкіміне ерекше алғыс айтамын. Соның нәтижесінде Қазақстанның үздік әскери оркестрлері елорданың мәдени алаңдарында өздерінің музыкалық шеберліктерін көрсетті. Барлық музыкалық ұжым мүшелеріне зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін. Жаңа биіктерге жете беріңіздер! Сондай-ақ еліміздің өркендеуі жолындағы әскери қызметтеріңізге зор табыс тілеймін, - деді Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов.
Бүгінде жыл сайын ұйымдастырылатын әскери оркестрлер фестивалі бас қаладағы маңызды мәдени іс-шаралардың біріне айналды. Сондықтан әркез Астана тұрғындары мен қонақтарына жарқын әсер қалдырып келеді. Бұл жолы да концерттік бағдарлама әскери, классикалық, халықтық және эстрадалық музыка, дефиле шеруі, плац-концерт және әскери қызметшілердің қару-жарақпен көрсетілімдерінің органикалық түрде үйлесімділігімен өтті.
Айта кетейік, Ұлттық ұланның бастамасымен әскери оркестрлер арасында фестиваль өткізу жақсы дәстүрге айналды. Осы уақыт ішінде оған еліміздің ғана емес, Қытайдың, Ресейдің және басқа да шет мемлекеттердің жетекші ұжымдары қатысқан.
![Орталық касса қай күндері жұмыс істемейді](/img/articles/ca9a3c235d0b004232da5204fd9583ab.jpg)
![Елордада жеті автобустың жүру бағыты өзгерді](/img/articles/f6c012fe7fd5f7c9bbc5209257747c4a.jpg)
![Астананың миллионыншы тұрғыны екінші сыныпқа көшті](/img/articles/04e277126c73ae8e00686f0d27967cbc.jpeg)
![Ардагерлер көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Елордадағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)