00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елордада «Өнер үндестігі» атты концерт өтті

27.05.2024 | 09:33
Олжас Сүлейменов
172
Елордада «Өнер үндестігі» атты концерт өтті
Фото: дереккөз

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Симфониялық оркестрі «Өнер үндестігі» атты концертін өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Филармонияның симфониялық оркестрімен дарынды музыканттар, орындаушылар, халықаралық байқаулардың лауреаттары Амина Ахметжанова (скрипка) және Эльдар Сапараев (виолончель) өнер көрсетті.

Концерт бағдарламасында классикалық музыкалық өнердің жауһарлары орындалды.

Кеш бағдарламасында Н.Паганинидің Оркестрмен скрипкаға арналған №1 концерті, Амина Ахметжанова орындаушы, Эльдар Сапараев оркестр дирижері ретінде өнер көрсетті.

Филармония симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Абзал Мұхитдин.

Все новости