00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елордада Малика Мұқтарованы еске алу кеші өтті

Елордада Малика Мұқтарованы еске алу кеші өтті
фото: Астана қаласының Коммуникациялар қызметі

Елордада «Qanattylar» инклюзивті театры ұйымдастыруымен  Малика Болатқызын еске алуға арналған «Қанатты қыз» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Жиналған қауым аз ғана ғұмырын өнерге арнап, көрермен жүрегінде «Қыз жылаған» спектакльіндегі Ләйлә рөлімен есте қалған, «Qanattylar» инклюзивті театрында жұмыс жасап, бойындағы бар талантын көрерменге паш еткен Малика Болатқызын еске алды.

«Qanattylar» инклюзивті театрының директоры Арнур Искаковтың сөзінше, Малика Мұқтарова тек өнерде ғана емес, спорт саласында да үздік нәтиже көрсеткен.

Мен Малика Болатқызын алғаш рет 2019 жылы әлеуметтік желіден байқап қалдым. Содан 2021 жылы «Qanattylar» театры құрылып, өнерді сүйетін жандарды іздеген кезде Малика есіме түсіп, оны театр актеры болуға шақырдық. Әрине, онда «актриса бола аламын ба?» деген қорқыныш болды. Бірақ арбада отырса да, өзің актриса екенін дәлелдеп шықты. Бүгінгі еске алу кешіне Маликаның жақындары  қатысып отыр. Біз театрдың іргетасын қалаушы жандардың бірі ретінде, дүниеден озғанына бір жыл болғандықтан еске алу кешін ұйымдастырып отырмыз. Ол тек өнерде ғана емес, спорт саласында да жетістіктерге жетті,- дейді Арнур Искаков.


«Qanattylar» инклюзивті театрының белді актрисасы болған Малика Болатқызы
пара биден Әлем және Азия чемпионы сонымен қатар, «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 2020 жылы өткен «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан.

Все новости