Елордада коммуналдық және жалпықалалық сенбіліктер өтеді
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/DSC_6658_780x470_d207631a9b.jpg)
8 сәуірде елордада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында алғашқы коммуналдық сенбілік өтті. Оған 11 мыңнан астам адам, 217 кәсіпорын мен ұйым қатысты. Бір ай ішінде қалада тағы бірнеше сенбілік ұйымдастырылады, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
8 сәуірден 6 мамырға дейін елордада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы өткізіледі. Айлық шеңберінде жалпықалалық екі сенбілікті – 22 сәуір және 6 мамыр, ал үш коммуналдық сенбілікті – 8, 15 және 29 сәуір күндері – аудандық әкімдіктер мен коммуналдық қызметтердің күшімен өткізу жоспарланған.
Елордада алғашқы көктемгі коммуналдық сенбілік 8 сәуірде өтті. Еңбек ұжымдарының, қала тұрғындарының көмегімен полигонға 555,58 тонна қоқыс жиналып, шығарылды. Жалпы ауданы 2,5 млн шаршы метрден астам саябақтар мен скверлерді жинау жүргізілді. Іс-шараға аудандық әкімдіктер, коммуналдық қызметтер, ПИК және МИБ ұжымдары, шағын және орта бизнес субъектілері белсенді қатысты.
Сонымен қатар, Абылай хан даңғылы, Қажымұқан, Петров, Бөлекпаев, А-105, Балталы көшелерінде мәслихат депутаттары, тұрғындар мен еріктілер ағаш отырғызды.
Айта кетейік, былтыр Астанада экологиялық сенбіліктер аясында 6 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылды. Сондай-ақ 2,7 млн шаршы метр алаң жиналды.
![Елордада жеті автобустың жүру бағыты өзгерді](/img/articles/f6c012fe7fd5f7c9bbc5209257747c4a.jpg)
![Астананың миллионыншы тұрғыны екінші сыныпқа көшті](/img/articles/04e277126c73ae8e00686f0d27967cbc.jpeg)
![Ардагерлер көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Елордадағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда тұрғындарының саны 1,5 миллионға жуықтады](/img/articles/07d40791a6a74284eb2bf99b8d258fb6.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)