Елордада коммуналдық қызмет көрсету саласының қызметкерлері марапатталды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_24_at_11_51_38_4_58421d0e5d.jpeg)
Бүгін «Elorda Eco System» компаниясында Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Ұйымның үздік қызметкерлерін марапаттау рәсіміне Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыханов, еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиев, екі салмақ дәрежесінде төрт әлемдік рекорд иегері Илья Ильин, Астана мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов, «Elorda Aqparat» ЖШС бас директоры Олжас Сыдықбек қатысты.
«Elorda Eco System» ұйымы елорда мен қала маңындағы елді мекендерде су бұру қызметтерін атқарады.
Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Еліміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген жандарға алғыс айтамын. Бұл мереке халықты біріктіріп, ұлт рухын көтереді. Баршаңызға денсаулық, амандық және отбасылық бақыт тілеймін», - деді Астана мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.
Салтанатты іс-шара Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Естай Мұқашевтің орындауындағы «Қазақ елі» әнімен басталды.
Құрметті «Elorda Eco System» қызметкерлері, сіздерді Республика күнімен құттықтаймын! Отбасыларыңызға денсаулық тілеймін. Еңбектеріңіз әрқашан лайықты марапатталсын, - деп атап өтті «Elorda Aqparat» ЖШС директоры Олжас Сыдықбек.
Біздің компания нөсер кәрізін тазарту мен күтіп ұстау, жалпы қаланы таза ұстау жұмыстарын іске асырады. Бүгінгі іс-шара аясында біздің қызметкерлер грамота және алғыс хаттармен марапатталды. Әрқайсымыз риза болып, осы қуанышты жаңалықты жақындарымызбен бөлісуге дайынбыз, - деді EES заң бөлімінің қызметкері Үзілдік Дүйсеналинова.
Айта кетейік, бүгін 200 қызметкер лайықты марапатқа ие болды.
Сабина Арыстан
![Орталық касса қай күндері жұмыс істемейді](/img/articles/ca9a3c235d0b004232da5204fd9583ab.jpg)
![Елордада жеті автобустың жүру бағыты өзгерді](/img/articles/f6c012fe7fd5f7c9bbc5209257747c4a.jpg)
![Астананың миллионыншы тұрғыны екінші сыныпқа көшті](/img/articles/04e277126c73ae8e00686f0d27967cbc.jpeg)
![Ардагерлер көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Елордадағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)