Елордада күй мен жыр жәрмеңкесі өтті
![Елордада күй мен жыр жәрмеңкесі өтті](/img/articles/b860110beab2901e7785193afe30d4db.jpeg)
Астанада Алматы ауданының құрылғанына 26 жыл қарсаңында VIII «Күй мен жырдың жәрмеңкесі» атты мәдени-рухани іс-шара өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шара күйші Құрманғазының шәкірті, «Күй анасы» атанған Дина Нұрпейісованың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды.
Күй мен жыр өнері – қазақ халқының тарихы мен мәдениеті рухани байлығының ең киелі де қасиетті түрі. Ғасырлар бойы дамып жеткен бұл өнер бүгінде ұлттық мәдени құндылықтарымыздың бірі болып саналады. Рухани байлығымызды жастарға жеткізіп, насихаттау – республикалық «Күй анасы» қорының басым бағыттарының бірі.
Қор елордада «Күйшілер» аллеясының ашылуына, Дина Нұрпейісова ескерткіші мен домбыра инсталяциясының қойылуына бастамашы болды. Д.Нұрпейісованың орындауында 24 күй QR-кодқа түсіріліп, күйші жайлы жинақ жарық көрді, - деді «Күй анасы» қорының басшысы Төлеген Қуанышев.
Күй мен жыр жәрмеңкесінде Алматы ауданының ардагерлер хоры әннен шашу шашса, Амангелді Әшіров ақсақал көпшілікке ақ батасын берді.
Жыл сайын дәстүр бойынша атасы немересіне немесе әкесі баласына халқымыздың ұлттық аспабы – домбыраны бата беріп, табыс етеді. Осы жолы медицина қызметкері, жеті баланың анасы Айнұр Бұлғынхан мен кенже баласы Мәди Бұлғынханға білім саласының үздігі, ардагер ұстаз Қажымұрат Нәсиұлы аталық тілегін айтып, домбыра сыйлады.
«Дарын» домбырашылар ансамблі және қалалық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары күй тартып, жырларды орындады.
Сондай-ақ «Жасыл ел» бағдарламасы аясында «Күйшілер» аллеясында ағаш отырғызу рәсімі өтті.
Айта кетейік, көрермендер арасында да күй тарту сайысы өтіп, жеңімпаздарға үкілі домбыра мен «Күй анасы» жинақ кітабы табыс етілді.
![](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Елордадағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда тұрғындарының саны 1,5 миллионға жуықтады](/img/articles/07d40791a6a74284eb2bf99b8d258fb6.jpeg)
![Астанада қала күніне орай «Асыл мұра» концерті өтті](/img/articles/1648264bf82fc5f3b1d0cc1a9e53328d.jpeg)
![Роза Асылбекова: Астананың Арқаға көшетінін естігенде «Сәкеннің арманы орындалды» деп қуандық](/img/articles/939617de9ac9eec715892c1c675eb645.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)