00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елордада ірі құрылыс компаниялары қоқыстарды тазартуға атсалысты

31.07.2023 | 09:30
138
Фото: дереккөз

Есіл ауданының аумағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділеріне жол бермеу және жою бойынша бірқатар іс-шаралар өткізіледі, деп хабарлады Elorda.info

Құрылыс компанияларының өкілдерімен өткен кеңестің қорытындысы бойынша тараптар құрылыс салушыларға ауданның шетінен құрылыс қоқыстарын шығаруға жәрдемдесу туралы келісімге келді. 

Жұмыстар қазірдің өзінде басталды, бірқатар компаниялар жұмысшыларды, тиеу техникасы мен самосвалдарды ұсынды. Қоқысты шығару 13 жерден полигонға апарылады.

Бұдан басқа, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасымен бірлесіп қолданыстағы құрылыс объектілеріне құрылыс қоқыстарын сұрыптау және «Северная гряда» мамандандырылған полигонына шығару қажеттілігі туралы хабарламалар беру жалғасуда.

Жыл басынан бері аппараттың мердігер ұйымдарының күшімен барлығы 20 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. 7 қоқыс жинау орны жойылды, жұмыстар тұрақты негізде жалғасуда. Бұл үшін белгіленбеген орындарда қоқыс жинауға жол беретін жүргізушілерді ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес «Абаттандыру ережелерін бұзу» бойынша жауапқа алынады.

Все новости