00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елордада екі жаңа учаскелік полиция пункті ашылды

04.06.2024 | 14:58
Торғын Аман
116
Елордада екі жаңа учаскелік полиция пункті ашылды
Фото: ашық дереккөз

Елорданың Алматы ауданында екі жаңа учаскелік полиция пункті ашылды. Ашылу салтанатына Астана қаласы полиция департаментінің бастығы генерал-майор Марат Төлебаев пен аудан әкімі Мақсат Саматұлы қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

Пункттердің бірі А-108 көшесінде орналасқан, оның жалпы ауданы 72.9 м2. Қызмет көрсетілетін учаскедегі халық саны 20 мыңға жуық адамды құрайды. 

Екінші учаскелік пункт Ш.Құдайбердіұлы даңғылы №2/В үй, мекенжайында орналасқан, үй-жайдың ауданы 127 м2. Бұл учаскеде 32 мыңнан астам азамат тұрады.

Жаңа пункттер барлық қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілген, бұл азаматтарды қабылдауға мүмкіндік береді. Мұнда учаскелік инспекторлар азаматтардың барлық сұраныстарына жедел жауап беретін болады, бұл қадамдық қолжетімділікте болуға және осы учаскедегі құқық бұзушылықтар санын азайтуға мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың полицияға қол жеткізуін барынша жеңілдетуге бағытталған қадамдық қолжетімділікке негізделген халыққа сапалы қызмет көрсетуге бағытталған «полицияның сервистік моделі» жобасы іске асырылуда. Бұл учаскелік пункттерді оңтайлы орналастыруды, жауап берудің жеделдігін арттыруды, сондай-ақ цифрлық технологияларды қолдануды қамтиды. Біздің міндетіміз, ең алдымен, полиция пунктіне баратын тұрғындар үшін заманауи жайлы жағдай жасау», - деді Марат Төлебаев.

Все новости