Елордада 14 жаңа мектеп салынып жатыр
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/kasymb_723a43c054.jpg)
Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мұғалімдердің дәстүрлі тамыз конференциясында айтты, деп хабарлады Elorda.info
Елорда әкімі конференцияда сөйлеген сөзін өзінің Instagram парақшасында бөлісті.
Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Бұл оқушылар мен ата-аналар үшін де, сол секілді ұстаздар үшін де ерекше кезең. Бүгін мұғалімдердің дәстүрлі тамыз конференциясын өткіздік. Қалада үш ауысымды және шамадан тыс жүктемесі бар мектептер әлі де жоқ емес. Дегенмен біз бұл мәселені шешу үстіндеміз. Елордада 14 мектеп салынып жатыр, оның 11-ін алдағы оқу жылында тапсырамыз. Олардың үшеуі 1 қыркүйекте есігін айқара ашады,- деді қала әкімі.
Сондай-ақ әкім Президент тапсырмасына сәйкес жайлы мектеп жобасының орындалу барысы мен қала мектептеріне сапалы кадр даярлау жұмыстарына да тоқталып кетті.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жайлы мектептердің құрылысы қатар басталды. Осы ұлттық жоба бойынша 2024-2025 жылдары 24 жайлы мектеп салынады. Жаңа үлгідегі білім ошақтары екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын құруға мүмкіндік береді. Сол сияқты біздің мақсатымыз – кадрлар даярлау. Жыл сайын педагогикалық мамандықтарға гранттар бөлеміз, ұстаздарымызды біліктілігін арттыруға жібереміз, Президенттің қолдауының арқасында педагогтардың жалақысы едәуір артты және т.б.,- деп атап өтті елорда әкімі.
Ол сөзінің аяғында мұғалім еңбегінің зор екеніне тоқталып, оларға алдағы оқу жылында сәттілік тіледі.
Мұғалімнің еңбегіне толық баға беру мүмкін емес. Олар балаларымызға білім беріп қана қоймай, әлеуетін ашуға, ерекше қасиеттерін анықтауға және бағыт-бағдар беруге көмектеседі. Ұстаздар қауымына алғысымды білдіремін және оқу жылының жемісті өтуін тілеймін!,- деді Жеңіс Қасымбек.
![Елордада жеті автобустың жүру бағыты өзгерді](/img/articles/f6c012fe7fd5f7c9bbc5209257747c4a.jpg)
![Астананың миллионыншы тұрғыны екінші сыныпқа көшті](/img/articles/04e277126c73ae8e00686f0d27967cbc.jpeg)
![Ардагерлер көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Елордадағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда тұрғындарының саны 1,5 миллионға жуықтады](/img/articles/07d40791a6a74284eb2bf99b8d258fb6.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)