Елордада Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті
![](/img/watch-gray.png)
![Елордада Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті](/img/articles/c9d939a1a24dcec095d3de8c9a5f6a35.jpeg)
Мерекелік іс-шара елордалық Арбат маңындағы Есіл өзенінің жағалауында өтті, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елордалық Арбат қаланың көптеген тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды орын болып қала саналады.
Отан қорғаушылар күнінде біз маңызды тарихи сәтті атап өтіп қана қоймай, өзімізге Отан алдындағы қасиетті міндетімізді еске саламыз. Бұл күн біздің еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғай алған ата-бабаларымыздың ерлігін еске салады. Біз, әсіресе, жас ұрпақ, қазақстандықтардың ерлігі туралы естеліктерді сақтап, болашақ ұрпаққа аманат етуіміз керек. Бүгін осы мереке күні концерт ұйымдастырылды. Концертте полиция, ТЖД қызметкерлері және біздің ардагерлер өнер көрсетеді, - деді Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының бас маманы Ерасыл Қайратов.
Жиналғандар алдында "Қамажай" би тобымен бірге "Әжелер Шаңырақ" этномәдени ансамблі өнер көрсетті. Концертте қазақ халқының "Бүлдүрген", "Сәулем-ай", "Дедім-ау" әндері шырқалды. Көрермендерге "Смуглянка", "Катюша", "Ах, Самара-городок" және т.б. есті әндерді тыңдады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының "Вайнах" шешен-ингуш этномәдени орталығының "Лезгинка" биін тамашалады.
Біздің ер адамдарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Оларға мемлекет үшін сенімді тірек болып, Отанына және антына адал болуын тілеймін, - деді елорда тұрғыны Жамал Өскенбаева.
Жиналғандардың алдында Астана қаласы полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері патриоттық әндерді орындады. Іс-шара аясында полиция ардагерлерін Сарыарқа аудандық полиция басқармасының грамоталарымен марапаттап, патриоттық бейнероликтер көрсетілді.
![](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Елордадағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда тұрғындарының саны 1,5 миллионға жуықтады](/img/articles/07d40791a6a74284eb2bf99b8d258fb6.jpeg)
![Астанада қала күніне орай «Асыл мұра» концерті өтті](/img/articles/1648264bf82fc5f3b1d0cc1a9e53328d.jpeg)
![Роза Асылбекова: Астананың Арқаға көшетінін естігенде «Сәкеннің арманы орындалды» деп қуандық](/img/articles/939617de9ac9eec715892c1c675eb645.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)