Экологиялық акция: Әл-Фараби ескерткішінің аумағы абаттандырылды
![сенбілік](/img/articles/9208d035074e2b2bb75ab3cb81f46420.jpg)
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында республика бойынша «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бүгін аталған іс-шара барысында Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының маңайы мен ғұлама ғалымның ескерткішінің айналасы тазартылып, абаттандырылды, деп хабарлады Elorda.info.
Астанада 117 ескерткіш бар, оның 47-сі мемлекеттік қорғауға алынған. Олардың үшеуі республикалық, қалған 44-і қала деңгейінде, яғни жергілікті маңызы бар ескерткіштер болып саналады. Акция басталғалы күніне 7-8 ескерткіштің маңайын қоқыстан тазартып, қалыпқа келтіру жоспарланған.
Бүгінгі экологиялық акцияға Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы және Жастар сарайының 80-ге жуық қызметкері қатысты. Олар ескерткіш маңайы мен ғимараттың айналасын сыпырып, қоқыстарды жинады.
Акцияға қатысқан Әйгерім Жиенбаева мұндай шаралардан ешқашан шет қалмайтынын айтты.
«Сенбілік болсын, басқа да бұқаралық шаралар болсын әрдайым белсенді қатысып жүремін. Бүгінгі акцияға керемет көңіл-күймен келдік. Қала тұрғыны ретінде тұрып жатқан жеріміздің тазалығына, реттілігіне үлес қосып жатырмын деп есептеймін. Алдағы тазалық шараларына да міндетті түрде қатысамын», - деді ол.
Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» МКҚК директорының орынбасары Самат Тергембаевтың айтуынша, акцияға қатысушылар белгіленген орындарды қоқыстан тазартады. Ал ескерткіштерді жуумен тек арнайы мамандар айналысады. Өйткені ескерткіштерді күтіп ұстаудың, жуудың тәртібі бар, әрі химиялық заттарды қолданудың ерекшеліктері ескерілуі тиіс.
«Ескерткіштер ерекше күтімді қажет етеді, оларды сумен, басқа да химиялық реактивті заттармен жууға болмайды. Ескерткіш жасалған материалды қараймыз. Мысалы, Әл-Фараби мүсіні мыс аралас қоладан жасалған. Сондықтан оны тек балауызбен тазартамыз. Шаң-тозаң қонбауы үшін май да жақпайды. Әдетте көктем мен күзде мамандар ескерткішке балауыз жағып, тиісті шараларды атқарады. Осындай акцияларды пайдаланып, қатысушыларға ескерткіштің тарихы және оны мамандар қалай күтіп ұстайтыны туралы да айтылады. Әрі бұл қасиетті орын екенін, оған құрметпен қарау қажеттігін түсіндіреміз. Тазалық акциясына келген әр адам үйіне оралғанда елордамызда осындай көрікті орындар бар екенін, оның мәні мен маңызы туралы айтып жүрсе деймін» - деді Самат Тергембаев.
Естеріңізге саламыз, бұған дейін «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясына депутаттар, шағын және орта бизнес субъектілері, екінші деңгейдегі банк қызметкерлері , оқу орындары студенттері, еріктілер мен қала тазалығына бей-жай қарамайтын жалпы саны 3 мыңнан астам азаматтар қатысқан болатын.
Экологиялық акция 11 мамырға дейін жалғасады.
![Елордада жеті автобустың жүру бағыты өзгерді](/img/articles/f6c012fe7fd5f7c9bbc5209257747c4a.jpg)
![Астананың миллионыншы тұрғыны екінші сыныпқа көшті](/img/articles/04e277126c73ae8e00686f0d27967cbc.jpeg)
![Ардагерлер көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Елордадағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда тұрғындарының саны 1,5 миллионға жуықтады](/img/articles/07d40791a6a74284eb2bf99b8d258fb6.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)