00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Ботаникалық саябақта «Орда» тобы тал екті

17.05.2024 | 14:53
Сабина Кәкімжан
238
Ботаникалық саябақта «Орда» тобы тал екті
фото: www.gov.kz

Бүгін Астанадағы Ботаникалық саябақта «Орда» тобының әншілері ағаштар отырғызды, деп хабарлады Elorda.info.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдаймыз. Біз қаламыздың таза әрі әдемі болғанын қалаймыз. Мұндай акция қоршаған ортаны одан да тартымды етеді. Болашақта бұл ағаштар биік болып өскенін тілейміз. Жасыл Қазақстан- Таза Қазақстан жасасын, - деді «Орда» тобының мүшесі Ерболат Беделхан.

Қалалық мәдениет басқармасының мәліметінше, осы салада жұмыс істейтін өзге де акцияға атсалысатын болады.

Қазір елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Сол акцияны қолдау мақсатында мәдениет саласының қызметкерлері Ботаникалық саябақтағы «Жұлдыздар» аллеясында көшеттер отырғызып жатыр. Бүгін бірінші болып шақырылған қонағымыз – «Орда» тобы қарағай ағаштарын екті. Бұл топ бүгін елордада концерт береді», - деді Астана қаласы Мәдениет басқармасы мәдениет бөлімінің басшысы Ақерке Жұманбаева.

Все новости