Биыл елордада 658 пәтерлік тұрғын үй салынады
![Биыл елордада 658 пәтер салынады](/img/articles/a2a9f8c6930e8a56d8b34aa01a40f70c.jpeg)
Астана қаласының Құрылыс басқармасы биыл 658 пәтерлік тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатындағы AMANAT партиясы депутатық фракциясының III жиналысында айтылды, деп хабарлады Elorda.info.
Фракция жиналысында Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов өмір сүру сапасын арттыру, өмір сүру жағдайларын және экологиялық жағдайды жақсарту мәселелеріне қатысты есеп берді.
Нұрлан Нұркеновтің айтуынша, осы жылы елордада білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры шеңберінде «Промышленный» тұрғын алабында бір ауысымда 600 орындық бір қосымша құрылысты пайдалануға беру, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бір ауысымда 20 400 бала оқи алатын 12 мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев AMANAT партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы туралы және елорданы сумен, электрмен, газбен, жылумен жабдықтау нысандарының жай-күйі туралы есеп берді.
Бүгінде жол шұңқырларын жөндеу жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Жоспарланған 200 көшенің ішінде 50 көшеде жұмыс аяқталды, 15 көшеде шұңқыр жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сумен қамтамасыз ету, нөсерлі кәріз және тазарту құрылыстары мәселелері бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылы №3 сорғы-сүзгі станциясының құрылысы аяқталды, бұл ауызсу тапшылығы мәселесін толығымен жояды, – дейді Ерсін Өтебаев.
Астана қаласы әкімінің орынбасарлары мәслихат депутаттарының бірқатар сұрақтарына жауап беріп, AMANAT партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының Жол картасы пункттерінің орындалуын бақылауда ұстайтынын айтты.
![](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Елордадағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда тұрғындарының саны 1,5 миллионға жуықтады](/img/articles/07d40791a6a74284eb2bf99b8d258fb6.jpeg)
![Астанада қала күніне орай «Асыл мұра» концерті өтті](/img/articles/1648264bf82fc5f3b1d0cc1a9e53328d.jpeg)
![Роза Асылбекова: Астананың Арқаға көшетінін естігенде «Сәкеннің арманы орындалды» деп қуандық](/img/articles/939617de9ac9eec715892c1c675eb645.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)