00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Автобус терезесін сындырған астаналық азамат 73 мың теңге айыппұл арқалады

06.06.2024 | 14:55
Торғын Аман
98
Автобус терезесін сындырған астаналық азамат 73 мың теңге айыппұл арқалады
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бөтеннің мүлкін бүлдірген азаматқа үкім шығарды, деп хабарлады Elorda.info.

«Азия Парк» СО жанында №32 автобустың әйнегін сындырып, бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтірген.

«Сот отырысында оның кінәсі дәлелденді.  Сот қаулысымен З. ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 АЕК мөлшерінде (73 840 теңге) әкімшілік айыппұл салынды», - деп көрсетті Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Все новости