00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Астаналықтар үй жануарларын тегін тіркей алады

17.08.2023 | 08:30
141
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордалықтар 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ит-мысықтарын тегін чиптеп, tanba үй жануарларын есепке алу ақпараттық жүйесінде тіркей алады, деп хабарлады Elorda.info Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда тұрғындары үй жануарларын жаздың соңына дейін «Астана ветсервис»-ке мына мекенжай бойынша тегін чиптей алады: Сарыарқа ауданы, С.Мұқанов көшесі, 2/1 (Арнайы ХҚО), тел.+7 (747) 623 53 57, +7 (747) 672-85-27.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін (түскі ас: 13:00-14:00), сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін. Иттер мен мысықтарды тіркеу кезек тәртібімен өтеді. Тіркеу рәсіміне иесі үй жануарын, сондай-ақ мобильді азаматтар базасында тіркелген телефонын өзімен бірге ала келуі қажет. 

Сонымен қатар, астаналықтар өз үй жануарларын ақылы негізде елорданың бірнеше ветеринарлық клиникасында тіркей алады. 

Все новости