Астаналық ғалымының өнертабысы World Summit Awards сыйлығының шорт-листіне енді
![](/img/watch-gray.png)
Бұл – БҰҰ беделді сыйлығының халықаралық сарапшылары тарапынан іріктелген жалғыз қазақстандық жоба. Байқауға барлығы 180-нен астам мемлекеттен инновациялық әзірлемелер ұсынылды.
Нұрзада Амангелдінің жобасы «Inclusion and emprowment» номинациясы бойынша ұсынылған 80 жаһандық инновациялық өнертабыстың ішінен іріктеліп таңдалды.
Ақпараттық технологиялар факультетінің «Жасанды интеллект технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы қазақша ымдау тілін танудың қолжетімді жүйесін БҰҰ дүниежүзілік байқауына ұсынды. Бірегей әзірлеме жасанды интеллектке негізделген және қымбат сенсорларды, бірегей камераларды немесе суперкомпьютерлерді қажет етпейді. Қазақ ымдау тілінің автоматты сурдоаударма жүйесі есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, олардың білім алу және басқа да үрдістерге кедергісіз енуіне бағытталған.
Жобамызды World Summit Awards сарапшыларының мақұлдауы өнертабысымыздың инновациялық құрамдас бөлігіне үлкен сенім бар екендігін көрсетеді. Егер жобамызға халықаралық инвесторлардың назарын аудара алсақ, онда бұл біз үшін үлкен жетістік болады, - дейді ғалым.
Амангелді Нұрзада биыл Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жылда тағайындайтын «Jana asu» грантын екінші мәрте иеленді. Университеттің бұл бастамасы ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қолдау көрсетуге бағытталған.
Қазақстандағы World Summit Awards сарапшысы Анатолий Кременчуцкий шорт-листке 60 елден 136 жоба енгізілгенін атап өтті.
2023 жылы World Summit Awards байқауына Қазақстаннан 8 үміткеріміз болды. Бірақ бәсекелестік өте жоғары болғандықтан, іріктеуден тек бір жоба
ғана өтті. Байқаудың аралық қорытындысы 8 ақпанда белгілі болады. Келесі кезекте үміткерлердің қысқа тізіміне енген командалар Чилиге жаһандық
конгреске барады. Үміткерлердің әрқайсысына БҰҰ-дан, басқа үкіметтердің өкілдерінен және қазылар алқасының мүшелерінен шамамен 400 адамнан тұратын алаң ұсынылады. Командалар өз жобаларын таныстырады, содан кейін қазылар алқасы жеңімпазды анықтайды, - деді World Summit Awards марапатының Қазақстандағы сарапшысы Анатолий Кременчуцкий.
Айта кету керек, WSA байқауын Біріккен Ұлттар Ұйымы өткізеді және халықаралық сарапшылар жаһандық маңызы бар ең жақсы инновациялық шешімдерді бағалайды.
![Астананың миллионыншы тұрғыны екінші сыныпқа көшті](/img/articles/04e277126c73ae8e00686f0d27967cbc.jpeg)
![Ардагерлер көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Елордадағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда тұрғындарының саны 1,5 миллионға жуықтады](/img/articles/07d40791a6a74284eb2bf99b8d258fb6.jpeg)
![Астанада қала күніне орай «Асыл мұра» концерті өтті](/img/articles/1648264bf82fc5f3b1d0cc1a9e53328d.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)