00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Астанада үш тарихи жерлеу орындарына ресми мәртебе беріледі

23.06.2023 | 18:52
91
фото: Сұлтан Сейіт

Бүгін елордада «Кіші Талдыкөл аумағындағы ескі қорым мен зираттардың бүгіні мен ертеңі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлады Еlorda.info.

Күн тәртібінде Астананың сол жағалауында орналасқан үш тарихи зиратқа ресми мәртебе беру мәселесі талқыланды.

Жиын барысында Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов конференцияның басты мақсатына тоқталды.

Бүгінде жерлеу орындарының нақты шекараларын анықтап, зираттарды қоршап, ретке келтіру керек. Бұл мәселені шешу үшін бұрын жүргізілмеген топографиялық түсірілім жасалады. Барлық деректерді жинағаннан кейін бұл жерлеу орындары ресми мәртебеге ие болуы керек. Сондықтан қала билігі ата-баба рухын құрметтей отырып, мұнда барлық қажетті жұмыстарды жүргізеді. Бұл мәселені шешуде жылдар бойы осы мәселемен айналысқан белсенділер мен тарихшылардың пікірін ескеруіміз керек. Олардың жерлеу орындарының ресми мәртебесін мойындау жөніндегі үлкен жұмысы мен барлық тарихи зерттеулері ескерілетін болады, - деді Дәурен Бабамұратов. 

f4c61d48-5a13-45cb-8687-a8d992347b39.jpg

Тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсеметов Астана аумағында мұсылман, христиан, еврей және неміс зираттары орналасқанын атап өтті.

WhatsApp Image 2023-06-23 at 17.27.13.jpeg

Қала аумағында барлығы 27 зират бар, олардың көпшілігі қираған. «Жастар» шағын ауданында 1600 жылдан бергі жерлеу орындары бар. Онда қазақ хандарының жауынгерлері, жер аударылған халықтардың өкілдері жерленген.  Енді Талдыкөл маңындағы зиратты қарастырсақ,  ол  мүлдем шетте қалады. Өздеріңіз білетіндей, тарихсыз болашақ жоқ. Сол себепті халық аталған жұмыстар жерленген ата-бабаларымыздың рухына әсер етеді деп ойлайды. Ұрпақ ретінде біздің міндетіміз-оларды ешқашан ұмытпау. Сондықтан, менің ойымша, бүгінгі конференциядағы мәселе өте өзекті. Барлық қажетті жұмыстар жүргізілген соң, оларға ресми мәртебе беру мәселесін шешу дұрыс болмақ, - деді Марат Абсеметов.

Венера Баталова

Все новости