00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Астанада «Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылдау басталды

16.05.2024 | 09:42
190
Астанада «Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылдау басталды
Фото: ашық дереккөз

Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңіне қатысу үшін өтінім қабылдау басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Байқаудың негізгі мақсаты - отбасы институты, адамгершілік, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану; ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру; отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу мен қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттауға бағытталған.

Конкурсқа қатысу үшін электрондық нұсқада төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін - жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) заңды немесе жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);

7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) (бар болса) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;

9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қажетті құжаттарды (pdf форматында) 15 маусымға дейін mereyli.otbasy2024@mail.ru  элекронды поштасына жолдау қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін: 8 701 111 13 46; 8 702 202 00 77; 8 7172 55 67 08; 8 7172 55 67 01 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Все новости