00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Астанада кемтар жүргізушіні балағаттаған жолаушы 15 тәулікке қамалды

13.05.2024 | 13:37
126
Астанада кемтар жүргізушіні балағаттаған жолаушы 15 тәулікке қамалды
фото: www.gov.kz

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мүмкіндігі шектеулі такси жүргізушісін қорлап, балағаттаған азаматқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Elorda.info.

«Жәбірленуші С. сурдоаудармашының көмегімен К. есімді адамның телефон қуаттағыш сымды талап еткенін, содан кейін оны қорлап, балағат сөздер айтқанын жеткізді. Денсаулық жағдайына байланысты оның әдепсіз қылығына жауап қатпай, тек көлікті тоқтатқан», - деді Астана қаласы сотының баспасөз қызметі.

Оқиға көлік салонындағы бейнекамераға түсіп қалған.

Сот қаулысымен  ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Все новости