00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Астанада Қазақстан мен АҚШ көкпаршылары тәжірибе алмасты

көкпар
Фото: Сұлтан Сейіт

«Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде Ұлттық спорт күніне арналған «Наурызнама: Ұлттық спорт күні» мерекелік іс-шарасы өтті, деп хабарлады Elorda.info

Ұлттық спортты дәріптеуге арналған шараға Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, түрлі спорт саласының өкілдері мен қала қонақтары қатысты.

Шараның ашылу салтанатында Туризм және спорт министрі барша қауымды Ұлттық спорт күнімен құттықтады.

Көктем лебімен бірге келетін, халқымыздың ізгі дәстүрлерін айшықтайтын Наурыз мейрамы баршамызға құтты болсын. Игіліктер бастауы болған Наурыз мейрамы биыл елімізде жаңа форматта атап өтілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мерекенің идеялық мазмұны толығып, Наурызнама тұжырымдамасы бекітілді. Еліміздің брендіне айналған ұлттық спорт даламыздың көне тарихымен байланысты. Ат баптап оның құлағында ойнау қанымызда бар қасиет. Бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу сияқты спорт түрлерінің кең тарауы осының дәлелі. Биыл елімізде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Оған әлемнің 100-ден астам елінің 4000 мыңға жуық қатысушылар мен ресми өкілдері келмек. Сонымен бірге 100 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде.Осы ретте аламанның бел ортасында жүрген спортшыларымызға барынша қолдау көрсетуіміз керек,-деді Ермек Маржықпаев.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен өз сөзінде, біздің ұлттық ойындарымыздың дені – ат спортына қатысты екеніне тоқталып өтті.

Соңғы жылдары бірқатар мемлекеттер ұлттық спорт пен ұлттық ойындарына аса мән беріп, қызығушылық танытуда. Олай дейтінім, бүгін АҚШ көкпаршылары Астана төрінде өзара тәжірибе алмасатын болады. Бұл көкпар тартудың – әлем елдеріне кеңінен тарап, ұлттық өнерден халықаралық дәрежедегі спортқа айнала бастағанын көрсетеді. Біздің ұлттық ойындарымыздың дені – ат спортына қатысты. Аламан бәйгелер мен жарыстарда қазақтың өзгеден бәсі жоғары. Бұған кешегі әйгілі шабандоз Бауыржан Мырзабаев, әлемге танылған жылдамдығымен дүйім жұртты аузына қаратқан қазақстандық Кабирхан жылқысы дәлел,- деді Есет Байкен.

Мерекелік іс-шара аясында аударыспақ, теңге ілу, қыз қуудан көрсетілімдер және тоғызқұмалақ пен асық атудан шеберлік сыныптары  ұйымдастырылды. Одан бөлек  көкпардан АҚШ пен Қазақстан құрамалары арасында жолдастық кездесу өтті.

Астана қаласы Спорт басқармасының басшысы Василий Левиттің сөзінше, додаға Лэдд Хауэллмен бірге америкалық кәсіби шабандоз Кейси Филд те қатысып жатыр.

Барлық елордалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Ұлттық спорт күніне орай бүгін елордалық және АҚШ құрамалары арасында көкпардан жолдастық кездесу өтпек. АҚШ құрамасының жетекшісі америкалық шабандоз Лэдд Хауэлл. Қазақ құрамасын белгілі көкпаршы Құрманбек Тұрғынбек бастап шығады. Додаға Лэдд Хауэллмен бірге америкалық кәсіби көкпаршы Кейси Филд те қатысуда. Бұл көкпар тартудың  әлем елдеріне кеңінен тарап, ұлттық өнерден халықаралық дәрежедегі спортқа айнала бастағанын көрсетеді,- дейді Василий Левит

Іс-шара барысында мерекеге орай өзінің жетістіктерімен ұлттық спортты дәріптеп жүрген ұлттық спорт ардагерлері мен қайраткерлер марапатталды.

Олардың қатарында көкпардан КСРО-ның тоғыз дүркін чемпионы Әбілхан Дауылбаев, тоғызқұмалақтан ҚР екі дүркін чемпионы Мейрамқұл Ноғайбаев, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жұмабек Мейрамғалиев, белгілі спорт журналисі, жазушы Несіп Жүнісбайұлы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Құламхан Жақыпов, асық атудан ұлттық құраманың бас бапкері Жомарт Сабыржанов, атбегі Мейрамбек Чакенов бар.

Сонымен қатар қонақтарға қазақы құмай тазы мен бүркіт көрсетіліп, қолөнершілер жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Все новости