00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елордада «Қауіпсіздік әліппесі» байқауы өтті

15.05.2024 | 21:05
221
Елордада «Қауіпсіздік әліппесі» байқауы өтті
Фото: дереккөз

Астанада 10-14 жас аралығындағы ерекше білім беруді қажет ететін – зерде дамуында бұзылыстары бар балаларға арналған III қалалық «Қауіпсіздік әліппесі» фестиваль-байқауы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Фестиваль-байқау екі кезеңде өтті. Біріншісі – Астана қаласындағы білім беру ұйымдары деңгейінде, екіншісі – қалалық деңгейдегі білім беру ұйымдары арасында.

Байқауға Астана қаласының 1 жалпы және 3 арнайы мектептерінен барлығы 36 оқушы төрт номинация бойынша қатысты:

«Сіріңке балаларға ойыншық емес» сурет байқауы;

«Өрт сөндіру құралдары» қолөнер байқауы;

«Жол қауіпсіздігі» әлеуметтік бейнеролик байқауы;

«Қауіпсіз балалық шақ» үгіт-бригада топтық сайысы.  

Үш номинация бойынша жеңімпаздар 1, 2, 3 дәрежелі дипломмен, кубоктар және ақшалай сертификаттардың иегерлері атанды:

1-орын – Бағдан Джаббаров, Дияр Қарабеков, Николай Миллер;

2-орын – Алдияр Мырзағұлов, Санжар Мақсұтов, Мирас Мейрамхан;

3-орын – Тамила Ержанова, Анастасия Мирошниченко, Ильяс Тауырбаев.

Барлық жеңімпаздар дипломмен және сертификаттармен марапатталды.

Үгіт-бригада топтар сайысында үш команда өнер көрсетті:

І орын иегері – «Summer time» командасы, «№3 арнайы мектеп» КММ;

ІІ орын иегері – «Светофор» командасы, «№2 арнайы мектеп» КММ;

ІІІ орын иегері – «Жас ұлан» командасы, «№1 арнайы мектеп-интернат» КММ.  

Фестиваль-байқаудың ұйымдастырушылары іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан демеушілерге, сондай-ақ Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайына концерттік қойылымдары үшін зор алғысын білдірді.

Все новости